Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Фото: polisia.kz
343
оқылды
СҚО-да адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО Есіл ауданында 11 қазанда сағат 16:00 шамасында адам өлімімен жол-көлік оқиғасы орын алды. “Жезқазған-Петропавл” автожолында “жедел жәрдем” көлігі “МТЗ-80” тракторымен соғылды. Көлікте жүргізушіден бөлек, жалпы практика дәрігері, мейірбике және Ғ.Мүсірепов ат. ауданнан Петропавлға алып бара жатқан науқас болған. ЖКО нәтижесінде 28 жастағы дәрігер оқиға орнында қайтыс болған. Мейірбике аудандық орталық ауруханаға, пациент – Кардиологиялық орталыққа емделуге жатқызылды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес екі жүргізуші де сау. Аталған факті бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу аясында орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.