Қаланың дамуы баяндалды
Қаланың дамуы баяндалды
308
оқылды

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласының әлеу­меттік-экономикалық және ин­фрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді. Президентке кезекте тұрған елордалықтарды қолжетімді бас­панамен қамту, үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, инвестиция тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында күшейтілген кері бай­ланыс туралы баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Бұл көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Мысалы, 2020 жылы – 7 мың, 2019 жылы – 2 900, 2018 жылы 1 800 әлеуметтік пәтер пайдалануға бе­рілген. Сонымен қатар биыл 40 мың оқушыға арналған 15 мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Алтай Көлгінов қаладағы эпи­демиологиялық жағдайды тұрақ­тандыру шаралары мен вакциналау бойынша есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев елор­даны одан әрі дамытуға, атап айт­қанда, газбен қамтуға, инвестиция тартуға, үлестік құрылысқа қа­тысты мәселелерді шешуге және жылыту маусымы барысында қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуіне қатысты бірқатар тап­сырма берді.