Елордада індет жұқтырған бала көбейді
Елордада індет жұқтырған бала көбейді
140
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дә­рі­гері Сархат Бейсенова коронавирус жұқтырған оқушы­лардың саны артқанын ха­бар­лады. Оның айтуынша, ел­орда әлі де «қызыл аймақ­та». Күн сайын орта есеппен 200-280 жаңа инфекциялық жағдай тіркеледі.

Қыркүйек айында тамыз айымен салыстырғанда дертке шал­ды­ғушылар көрсеткіші 3,5 есе төмендегені байқалыпты. Сырқат құрылымы бойынша, жұқтыр­ғандар арасында ересектердің үлесі 79,7 пайызды құраған. Оның 20,3 пайызы 30-39 жас аралығында болса, 27,8 пайызы – 40-59 жаста. Ал 20,1 пайызы 18-29 жаста болса, қалған 11,5 пайызы 60 жастан асқандар.
«Қыркүйекте коронавирус жұқтырған балалардың үлесі 16-дан 24,3 пайызға дейін, жас­өспірімдер 2,5-тен 5,4 пайызға дейін өсті. Ал науқас оқушы­лардың үлесі 2,3-тен 20 пайызға дейін артқан. Оқу жылының басынан бері коронавирус жұқтырған оқушылар саны 2 232 болған. Олардың 642-сі мектепке бармай тұрып ауырып қалған, осылайша оқушылар арасында 1 590 жағдай оқу басталған соң тіркелген», – деп атап өтті Сархат Бейсенова.
Спикердің айтуынша, эпи­дахуалға қаланың 125 мектебінен 1 237 сынып тартылған. Қазір 1 526 оқушы сауығып, мектепке оралды және 88 мектептің 303 сыныбы карантин шарасын жал­ғастырып отыр. Індет көбіне 3-8-сынып оқушылары арасында тіркелетіні байқалған.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ