Солтүстік пен шығыста қар жаууы ықтимал. Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл, солтүстік, шығыс, оңтүстік шығыста тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің күшейіп, екпіні – 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында жел тұрады – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с.
Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Атырау облысының батысы мен орталығында жел 17-22 м/с, Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.