«Жеті жасқа дейінгі ұлға ғана рұқсат» – әйелдерге арналған вагондарға билет сатыла бастады
«Жеті жасқа дейінгі ұлға ғана рұқсат» – әйелдерге арналған вагондарға билет сатыла бастады
Фото: casting.khabar.kz
162
оқылды

«Қазақстан темір жолының» мәліметінше, 10 қазаннан бастап әйел адамдарға арналған вагондарға жол жүру билеті сатыла бастады.

Жоба №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы-1 – Өскемен» жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны іске қосылды.

Енді билет сатып аларда «ЖН» (әйелдер) белгісі болған жағдайда бұл вагон тек қана әйелдерге арналған вагон екеніне назар аудару қажет. Сондықтан ер адамдар пойыз билетін сатып алғанда мұқият болуы керек. Әйелдерге арналған вагонға 7 жасқа дейінгі ұл балаға ғана билет сатып алуға рұқсат етіледі.

Алдағы уақытта сұраныс артса, вагон санын көбейту жоспарда бар.

Бұған дейін «Тұлпар-Тальго» пойызында болған оқиғадан соң, тек қана әйелдерге арналған вагондар мәселесі көтерілген еді.