Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында триатлоннан аралас сайыстан жүлде сарапқа салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Диана Ержанова, Арлан Жаңабай, Егор Крупяков және Аида Кимнен құралған команда 1:31:45 уақыт көрсеткішімен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.
Қытай - 1:25:54
Жапония - 1:26:45
Гонконг - 1:27:25
7-орында Қазақстан - 1:31:45
Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде Арлан Жаңабай Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бірінші қола жүлдені алып берген еді.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
