Жастардың жалақысы жалдамалы пәтер алуға да жетпейді – депутат
Жастардың жалақысы жалдамалы пәтер алуға да жетпейді – депутат
239
оқылды

Ол «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру» бағдарламасы туралы айтты.

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында сұранысқа ие мамандық бойынша  жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін үй беру арқылы жас мамандарды қолдау көзделген. Сонымен қатар «Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығына сәйкес өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама көрсетуді талап етеді. Егер бағдарламаның басында бұл сомма 101 000 теңге болса, 2021 жылдан бастап бұл 116 600 теңге болды. «Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша республикада 20-29 жастағы азаматтарымыздың саны 2 537 252-ге жетті. Қалада тұратын жастардың үлесі – 1 510 892. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.

Табысын бағалау бойынша салыстыратын болсақ, 2021 жылдың 1 тоқсанында Шымкентте – 76 982 теңге, Алматыда – 166 554 теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 179 722 теңге болып отыр.

Атап айтқанда, жалдамалы пәтерлерді алу конкурсына қатысу үшін тұрғын үйге мұқтаж жас мамандар үшін жалақы мөлшері тым жоғары екендігі айтылды. Жалға берілетін тұрғын үйді конкурс бойынша алу қиын. Жұмысшы  жастардың  айтуынша,  пәтер алу үшін айлық  көрсеткішті (40-тан 25 АЕК-ке дейін ) төмендету керек», – деді депутат.

Оның айтуынша, жас мамандардың табысына қойылатын талаптың жоғарылығы орынсыз, баспана алу үшін табысқа қойылатын талапты қайта қарау керек.