Ақтөбе қаласындағы арыққа екі жеңіл көлік түсіп кетті. Бірінің жүргізушісі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Inform.kz.
Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр көшесінде орналасқан арыққа екі көлік түсіп кетті.
«Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Әйел абайсызда сол арыққа түсіп кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сонымен бірге Volkswagen Polo автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сәңкібай батыр даңғылында кедергі мен қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендетпей, рөлге ие бола алмай қалды. Сөйтіп арыққа түсіп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.