Ақмола облысында кәсіпкерді атқан күдікті ұсталды
Ақмола облысында кәсіпкерді атқан күдікті ұсталды
Фото: Sputnik.kz
312
оқылды
Ақмола облысы Біржан сал ауданының тұрғынын өлтіруге оқталған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 9-ында Біржан сал аудандық ПБ кезекші бөліміне жылқы шаруашылығымен айналысатын жергілікті ЖШС-нің 55 жастағы директоры хабарласып, шаруашылық аумағында қылмыс жасалғанын айтқан.
«Анықталғандай, аталмыш серіктестік аумағында 56 жастағы жергілікті тұрғынға мылтықтан оқ атқан. Ол «оң аяғының жамбас тұсында, сол қолының шыбық тұсында оқ жарақаты» диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылды»,- деді ведомстводан.
Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.