Жамбылдағы жарылыс: 13 қарашаға дейін оқ-дәріні жару тұрғындарға қауіпті ме?
Жамбылдағы жарылыс: 13 қарашаға дейін оқ-дәріні жару тұрғындарға қауіпті ме?
Фото: inbusiness.kz
191
оқылды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Инженерлік-саперлік бөлімшелердің күшімен Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару басталды.

Жұмыс күн сайын дүйсенбіден бастап жұма аралығында биыл 13 қарашаға дейін жүргізіледі. Бұл үшін адамдар жоқ таулы жерде әскери бөлім мен елді мекендерден алыста әскери бөлімнен 12 шақырымнан астам қашықтықта учаске белгіленді.

Мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеді. Жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдын-ала хабарланды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды. Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ.