Ақтауда жастардың жаппай төбелесінен кейін полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде қалада жаппай төбелес ұйымдастырған жастардың видеосы тарап кетті. 13 қазан күні сағат 23:38 шамасында «102» кезекші пультіне 27 және 28-шағынаудандар аралығында төбелес болып жатқаны туралы шақыру түсті. Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім дене жарақатымен жүгінбеген.
"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Ақтау Полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр", − делінген хабарламада.