2020 жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішімен салыстырғанда, бұл $6,9 миллиардқа немесе 4,3%-ке артық. Қарыздың ең көп көлемі Нидерландыға тиесілі − $44,7 миллиард, бұл бір жыл ішінде 0,2%-ке қысқарды. Сонымен бірге Қазақстан Қытай алдындағы берешекті – 4,7%-ке, $9,7 миллиардқа, Жапония алдындағы берешекті – 3,5%-ке, $5,5 миллиардқа дейін азайта алды. Десе де, бір жыл ішінде халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелер – 15%-ке, яғни $11,4 миллиардқа дейін, Ресей – 8,5%-ке, $9,7 миллиардқа, Бермуд аралдары – 7,3%-ке, $10,2 миллиардқа, Ұлыбритания – 6,9%-ке, $23,3 миллиардқа дейін көбейді. Сонымен қатар Қазақстан Виргин аралдарына $2,9 миллиард, БАӘ – $2,4 миллиард, Германияға $2,3 миллиард қарыз. Ал Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирия алдында сыртқы міндеттемелер әрқайсысы 100 мың долларға тең. Еуроодаққа мүше елдерінің жиынтық мемлекеттік борышы $342,8 миллиард құрап отыр. Соның ішінде еліміздің үлесіне $52 миллиард тиесілі.