Алматылық жүргізуші жылына орта есеппен 15480 шақырым жүреді
Алматылық жүргізуші жылына орта есеппен 15480 шақырым жүреді
©Андрей Переверзев
240
оқылды

Алматылық жүргізуші астаналыққа қарағанда бір жылда орта есеппен 1500 шақырымға артық жүреді. Бұл мәліметтерді «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының сарапшылары хабарлады.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының жүргізушілері бір жылда орта есеппен 13980 шақырым жүреді екен. Ал алматылық жүргізушілер дәл осы уақыт көлемінде орта есеппен 15480 шақырымды айналдырып тастайды. Ал екі шаһардың да іргесінде тұратын жүргізушілер қалалықтарға қарағанда екі есе көп жүреді. Сондай-ақ сақтандыру компаниясының сарапшылары көлік жаңа болған сайын жүрісі де көп болатынын анықтады. Мәселен, 3 жылға толмаған көлік тізгініндегі шопыр бір жылда 20 мың шақырым жүрсе, 3 пен 10 жыл арасындағы көлік иелері 18 мың шақырымды игереді. Ал 20 жылдан асқан көлігі барлар жылына әрі кетсе 10 мың шақырым жүреді. Қалада көп жүретіндердің басым бөлігі LADA, Hyundai және Toyota көліктерімен қатынайды. Ал оңтүстік астанада жолаушылар мен тауар тасымалдайтындар жылына орта есеппен 91340 шақырым жүреді.