Қазақстанда 15 қазан жауын-шашынсыз болады, тұман түсуі ықтимал
Қазақстанда 15 қазан жауын-шашынсыз болады, тұман түсуі ықтимал
Фото: Khm.depo.ua
128
оқылды
Ертең Қазақстан аумағындағы ауқымды антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстігі, батысы, оңтүстік-шығысы мен шығысында тұман болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
«Алматы облысында Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 20-25     м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Атырау облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде және Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман болады. Түнде Павлодар облысында да тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман болмақ», - делінген хабарламасында.