Әнші Нұрлан Албан отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі бір жыл бұрын әскери борышын өтеуге аттанған ұлы отбасына аман-есен оралғанын айтып, видео жариялады.
Сонымен қатар бір жылдың қалай тез өткенін байқамай қалғанын жеткізді.
“Сүйінші! Естеріңізде болса, тура бір жыл бұрын ұлымды Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттандырған едім. Мінекей, уақыт деген зымырап, қас пен көздің арасында өтіп жатыр. Бүгін, міне, Аллаға шүкір, аман-есен шаңыраққа оралды. Өте қуаныштымын. Әскерде жүрген әр сарбаздың аман-сау отбасына оралуын шын ниетіммен тілеймін”, – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
