159 млн теңгенің дәрі-дәрмегін жоймақ
159 млн теңгенің дәрі-дәрмегін жоймақ
225
оқылды

Парламент Сенатының де­пу­таты Андрей Лукин өзінің де­путаттық сауалында Ден­сау­лық сақтау министрлігі мен оған қарасты компания­лардың заңды бұзып жүргенін айтты. Сенатордың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек және медициналық өнімдерге ар­налған шығындарды жоспар­лағанда маңызды көрсет­кіштері жоқ немесе жоғары белгіленген бюджеттік өтінім негізінде жасап жүр. Соның кесірінен 66 миллиард теңге­ге жуық бюджет қаражаты тиім­сіз жұмсалған.

«2020 жылы 39 нозологияға шама­мен 66 млрд теңге тиімсіз жұм­салды. Онда 6 нозология бо­йын­ша 26 млрд теңге көлемінде толық қаржыландырылмау аясында заң талаптарының бұзы­луына жол берілген. «СҚ-Фар­ма­ция» ЖШС сақтау қоймаларында 2019-2020 жылдары 159 млн тең­геге сатып алынған препараттар сақтаулы. Мерзімі өтуіне байланысты олар жойылуы тиіс. Сонымен қатар министрлік Ұлттық орталықтың есептеулері негізінде, сондай-ақ кодекстің 76-бабына қара­мастан дәрі-дәрмектің шекті бағасын көтеріп жіберген. Кесірінен дәрі-дәрмек өз құнынан 1,5 млрд теңгеге қымбатқа сатып алын­ды», – деді Андрей Лукин Сенаттың жалпы отырысында.
Сенатор осыған байланысты дәрілік заттарды жеткізушілер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдерді әзірлеуге, пациенттер туралы мәліметтерге маңыз бере отырып анықтығын қамта­ма­сыз етуге қатысты сұрақтарға жауап беруді сұрады. Андрей Лукин министрліктің бюджеттік өті­німін дайындау кезінде барлық медициналық ұйымға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті айқын­дау­дың бірыңғай ережесін әзір­леу­дің маңызды екенін атап өтті.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ