Атырауда жол апатынан 19 жастағы жігіт қаза тапты – видео
Атырауда жол апатынан 19 жастағы жігіт қаза тапты – видео
Фото: paryz.kz
136
оқылды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кеше кешке сағат 23:15-те болған.

«Атырау қаласында Әбілхайыр хан-Маденов көшелерінің қиылысында Kia Rio мен Mitsubishi Pajero маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол апатынан 2002 жылы туған жігіт қаза тапты», – деді полицей.

Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Бұған дейін Маңғыстауда жол апатынан 2 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.