«Сегіз айда 25 адам қаза тапқан» – Нұртөре Жүсіп самокаттан зардап шеккендердің көбейгенін айтты
«Сегіз айда 25 адам қаза тапқан» – Нұртөре Жүсіп самокаттан зардап шеккендердің көбейгенін айтты
Фото: yandex.kz
375
оқылды

Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында жол қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Депутаттың айтуынша, электрсамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иесінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына  қауіп төндіреді.

Ресми деректер бойынша, биыл 8 айда осындай қозғалыс құралдарының қатысуымен 387 жағдай тіркелген. Соның салдарынан 25 адам қаза тапқан, ал 411 азамат жарақат алған.

«Электрсамокаттарды әкелуді және қауіпсіз пайдалануды құқықтық реттеу қажет деп білеміз. Сізден жоғарыда аталған құрылғыларды жіктеу және заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу мәселесін тездетіп пысықтауды сұраймын. Еуразиялық экономикалық одақтың салалық техникалық регламенттерінің нормаларын ескере отырып, кедендік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін құрылғылардың шеттен әкелуін шектеу бойынша шаралар қабылдау маңызды», – деді Нұртөре Жүсіп.

Бұған дейін Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп журналистердің мәртебесін нақтылайтын заң қабылдау керегін айтқан болатын.