Атырауда көлік терезесін сындырып, екі миллион теңгені ұрлап кеткен 3 адамның ұсталу сәті видеоға түсіп қалған
Атырауда көлік терезесін сындырып, екі миллион теңгені ұрлап кеткен 3 адамның ұсталу сәті видеоға түсіп қалған
© polisia.kz
254
оқылды
Атырауда көлік терезесін сындырып, екі миллион теңгені ұрлап кеткен үш адамның ұсталу сәті видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 12 қазанда сағат 13.31-де Атырау қалалық Полиция басқармасының "102" нөміріне қаланың 35 жастағы тұрғыны хабарласып, сағат 12.50 мен 13.25 аралығында белгісіз біреу Kia Sportage маркалы көлігінің терезесін сындырып, ішінен екі миллион теңгені ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Жедел іздестіру шарасы кезінде қалада орнатылған камералардан полицейлер жәбірленушінің көлігінің артында ВАЗ-2114 маркалы көлігі еріп келе жатқанын байқаған. Күдікті автокөлік Индер ауданындағы Жарсуат ауылынан 132 шақырым жерде тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде пакетке салынған екі миллион теңге табылды. Полицейлер ұрлық жасаған 40, 44 және 47 жастағы  Орал, Ақтөбе және Шымкент қалаларының тұрғыны екенін анықтаған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. https://www.youtube.com/watch?v=Aha6wdcliro