Салық төлемей жүрген Мәжіліс депутаттарының есімі жарияланды
Салық төлемей жүрген Мәжіліс депутаттарының есімі жарияланды
© tengrinews.kz
252
оқылды
Салық төлемей жүрген депутаттардың кім екені белгілі болды. Бұл туралы PROTENGE телеграм каналы хабарлады.
«Құрметті депутаттар, сіздерден салық бойынша берешектеріңізді өтеулеріңізді сұраймыз. Сіздер салықты бірінші қазанға дейін төлеулеріңіз тиіс болатын», – делінген жазбада.
Азат Перуашев – 54 684,60 теңге; Азамат Әбілдаев – 43 565,6 теңге; Сауытбек Әбдірахманов – 42 038,4 теңге; Ерлан Смайылов – 6 680,25 теңге; Сәлімжан Нақпаев – 2 538,95 теңге; Дмитрий Колода – 2 481 теңге; Берік Дүйсембинов – 557,57 теңге; Абилфас Хамедов – 283,35 теңге; Юлия Кучинская – 48,76 теңге.
“Бұл деректерді Мемлекеттік Кірістер комитеті сайтынан тексеруге болады”, – деп жазды канал.
Осы жазбадан соң бірқатар депутат берешегін төлегені белгілі болды.
"Депутаттар Перуашев, Нақпаев және Кучинская біздің жазбадан кейін салық бойынша берешектерін төлеп қойған. Басқа депутаттар олардан үлгі алып, төлеулерін күтеміз", – деп хабарлады PROTENGE телеграм каналы.