«Қазгидромет» РМК 16 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстікте, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.
Сондай-ақ 16-17 қазанда Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары көтеріледі.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.