Шымкентте 17 пәтерді тонаған ұрылар ұсталды
Шымкентте 17 пәтерді тонаған ұрылар ұсталды
Фото: Sputnik.kz
189
оқылды
Шымкентте жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары 17 пәтер ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz. Портал мәліметінше, барлық жағдайда да күдіктілер бірдей әрекет еткен. Олар көбіне домофондары дұрыс істемейтін көпқабатты үйлерде ұрлық жасаған. Пәтер есігін қағып, үйде адамның бар-жоғын тексерген. Ешкім жауап бермеген жағдайда, есікті кілт таңдау арқылы ашқан. Үйдегі компьютер, телефон, ноутбук, құлаққап, әшекей бұйымдарды ұрлап еткен.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталды. Оларға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бүгінде қылмыстық іс прокуратураға жолданды", - деді тергеуші Әлібек Кемелбек.
Екі күдікті бұған дейін де ұрлық үшін сотталған. Түрмеде танысып, бостандыққа шыққан соң істерін жалғастырған. Олар жасаған қылмыстарын мойындады.