Жалағаштың өзекті мәселелері қаралды
Жалағаштың өзекті мәселелері қаралды
421
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қы­зылорда облысы Жалағаш ау­дандық филиалының мә­жіліс залында «Аграрлық сек­­торды дамыту» және «Өңір­ді дамыту» бойынша қо­ғамдық кеңестің кезекті оты­ры­сы өтті. Облыс­тық мәс­лихат де­путаты Имамзада Шағыртаев төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе қа­ралды.

Жалағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясында мәлімделген мін­деттердің орындалуы бойын­ша аудандық тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығы, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі, «Әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік тауа­р­ларына бағаны тұрақтан­дыру» және аудан орталығынан ашы­латын 2 әлеуметтік дүкен мәселесі және «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің 2021 жыл­ғы су тапшылығының алдын алу жұмыстары және алдағы жос­пар­лары талқыланды. Жалағаш аудандық ауыл шар­­уа­шылығы бөлімінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында күн­делікті мониторинг жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында биыл аудан орталығы мен Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйым­дастырылды. Бұл туралы Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ә.Бақтыбаев айтып өтті. Аудан ор­талығынан ашылатын әлеумет­тік мәселе бойынша кеңес тара­пынан тиісті ұсыныс ұсынылды. Күн тәртібіндегі Жалағаш ау­дандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі бойынша жол сапасына байланысты қадағалау жұмыстарын күшейту назарға алынды. «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің 2021 жылғы су тап­шылығының алдын алу жұ­мыс­тары және алдағы жоспарлары туралы есебі бойынша кеңес мү­шелері өз ұсынысын жеткізді. Алдағы жылға тиісті жоспарды жасау, су тапшылығына байла­ныс­ты ауыл шаруашылығы бө­лімі­мен бірлесіп егістік көлемін жобалау, каналдарды тазалау жұмыстарына қадағалауды кү­шейту жайы қаралды. Кеңес мүшелері әрбір хабар­ламашыларға ұсыныс беріп, тиісті ұсыныстың орындалуын қадағалайтынын жеткізді.

Дәулет АСАУ