Таиланд елінде волейболдан Азияның клубаралық чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні жартылай финал кездесулері өтті.
Еліміз атынан аттанған «Буревестник» есе жіберді. Алматылық клуб бұл жолы Қатардың «Аль-араби» командасымен жолыққан. Тартысты өткен кездесу 5 кезеңге созылды. Қазақстандық клуб бірінші және үшінші бөлімдерде басым болды. Бірақ жалпы есепте 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар таиландтық командамен кездесіп, қола жүлдеге таласады. «Буревестник» жарыстың алғашқы күндері Таиланд, Шри-Ланка және Кувейт елінің волейболшыларын ұтқан. Ал Ирактан келген командаға есе жіберді.М.ЖАЛҒАСҰЛЫ