Атамекенге келтірмейтін артық құжат
Атамекенге келтірмейтін артық құжат
429
оқылды

Қазақстанға көшіп келуші қандастардың саны азайып барады. Әсіресе, Қытайдан қоныс аударатын қазақ саны азайғанын сарапшылар Шыңжаңдағы мұсыл­мандарға көрсетіліп жатқан қысымнан бөлек елдегі заңның өзгеруімен де байланыстырып отыр.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ­станның кейбір заңнамалық акті­леріне көші-қон процестерін рет­теу мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заңға қол қойған бола­тын. Сөйтіп, заңның кейбір құ­қықтық – нормативтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бүгінде шетелдегі қазақ­тар­мен байланыс жасап, олардың ата­жұртқа оралуына кең жол ашу мақсатында құрылған «Отан­дас­тар» қоры мен Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы шеттегі аға­йындармен ұдайы байланыс жа­сап келеді екен. Сондай-ақ мем­ле­кеттік мекемелермен тығыз бай­ланыс орнатылған. Қор жа­нынан елге көшіп келген қан­дас­тардың жаңа ортаға бейімделуі үшін жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығы мен Қо­ғам­дық қабылдау фронт кеңселері де аймақтарда жұмыс істеп тұр. Кеңсе мамандары елге келген қандастарға қажетті нормативті-құқықтық актілер бойынша ақ­параттық және консультативтік кеңес беріп, туындаған мәселе­лердің нақты шешілуіне қолдау көрсетіп келеді. Алайда арғы жылдарға қарағанда шетелден келетін қандастардың саны күрт төмендеген. Мәселен, ресми ста­тистика бо­йынша, кейінгі жыл­дары Қытай­дан келетін қазақ­тардың саны аза­йып барады. Сарапшылар мұ­ны Шыңжаңдағы жағдай мен көші-қон заңының өзгеруімен байланыстырады. Алайда елімізге сырттан көшіп келуші қазақтар санының азаюы Қытай қысымы­нан бұрын-ақ байқалды.
Мәсе­лен, 2012 жылы 39 401 адам ата­мекеніне қоныс аударса, 2016 жылы 33 000 адам Отанына оралған. Ал 2017 жылы – 18 605, 2018 жылы – 14 541, 2019 жылы – 17 661, 2020 жылы 13 046 адам Қазақстанға көшіп келген. Со­ның ішінде 2012 жылы 11 мыңға жуық қандас Қытайдан келсе, былтыр көрші елден 6 925 қазақ атамекенге оралыпты. Был­тыр қаңтар-мамыр айында 3 450 қазақ қоныс аударған болса, осы жыл­дың бес айында Қы­тай­дан 661 қандас көшіп келген.

Өзгеріске өзгеріс енгізу керек

«Атажұрт жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қыдырәлі Ораздың айтуынша, Қытайдағы қазақтардың елге оралуына бі­рінші кедергі – Шыңжаңдағы қуғын. Көрші елдегі саяси қу­ғын­ға еліміздегі көші-қон заңының өзгеруі мен пандемия қатты әсер еткен. Сарапшының пікірінше, көрші елдегі саяси қысым бастал­ғаннан кейінгі жылдары «қандас» мәртебесін алушылар саны бірде артып, бірде кеміп отырған. Де­генмен 2017 жылы көрші елдің шекарасынан келетіндер саны азайып келеді. Ал азаматтық алғандардың көбісі бұрыннан келіп алғандар. «Nur Otan» партиясының қо­ғамдық қабылдау бөлімінің қыз­меткері, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек өзгерген заңға өзгеріс енгізу керек екенін айтты. «2012 жылдардағы көштің тоқырауын Қытайдағы қазақтардың тұрмы­сының жақсаруымен байланыс­тыруға болады. Оның үстіне 2013 жылдан бастап бізде 4-5 жыл бойы азаматтық алуды шектейтін заң қабылданды. Ол заң 2015 жылы қайта қаралды. Білесіздер, 2016 жылдан бастап оралман мәртебесі бір жылға ғана қыс­қар­ды. Қытайдағы саяси қысымға дейін қандастар көп келді деп жатады. Бірақ олардың дені жаңадан көшіп келгендер емес. Бұрынғы заңда азаматтық алу 7 жыл, тіпті шексіз болды. Сол кезде көбісі ықтиярхатпен жүре беретін. Жиырма жыл бұрын келіп алғандар да жаппай аза­маттық ала бастады. 2016 жылғы 33 мың қандастың көбісі сол бұ­рын көшіп келіп алғандар бола­тын. 80 пайызы деп айтуға бола­д­ы. Ал 2018 жылы азайған себебі, 2017 жылдан бастап көрші елде мұсылмандарға қысым жасала бастаған еді. Барыс-келіс азайып кетті. Негізі, соңғы азаматтық ал­ғандардың көбісі бұрын кел­гендер. Үдере көшіп келгендер өте аз», – дейді. Оның айтуынша, бұрын келгендердің азаматтық алуға асықпауының себебі – Қы­тайдан алатын айлықтары тоқтап қалады деп қорықты. Соңында Қытайға барып, көбі ұсталып жатты. Кейін Қытай билігінің әрекеті әлемдік деңгейде талқы­ланып, АҚШ қысымы болған кез­де қамауға алынғандардың бі­разын босатты. Сол кезде біра­зы қашып келіп, жаппай азамат­тық ала бастаған. Бұл сөзді Шың­жаңнан көшіп келген қазақтар­дың құжатын жөндеп, азаматтық алуға көмек көрсететін «Қайы­рымды қандастар» ұйымының жетекшісі Баһаргүл Табыс та растап отыр. Айтуынша, 2017-2018 жылдары Қазақстанға қоныс аударғанына 5-10 жыл болғандар­дың құжатын жасаумен айналы­сыпты. Бұл жылдары елге жаңа­дан көшіп келген ешкім болмаған.

«Көшті қолдан қиындатып отырмыз»

Ендігі жерде Ауыт Мұқибек өзгерген көші-қон заңы азамат­тық алғандардың тиесілі ақшасы­на жете алмай сандалып қалуынан туындап отыр. «Мысалы, зейнет­ақы немесе жәрдемақы алу үшін қайта Қытайға барып еңбек өті­лін дәлелдеп, анықтама алып ке­лу керек. Қытайға бару қор­қы­нышты болып тұрғандықтан көбісі кон­сулдыққа барады. Кон­сулдықта оларды ешкім қабыл­дамайды. Екі ортада қалған қан­дастар кеңес сұрап келіп жатыр. Кешенің өзін­де Қарағандыдан 20 шақты адам хабарласты. Бір қа­рағанда, бұл – дұрыс. Себебі жал­ған құжат жаса­тып, көпба­лалы болып алу көп кездесті. Бірақ Қытайдағы саяси қысымға бұл заң жығылған үстіне жұдырық болып тиді», – дейді ол. Сондай-ақ «сотталмады» деген анықтама мен тіркеуден өтіп келу­ді мін­дет­теу де Өзбекстан, Моң­ғолиядан келетін қандастар үшін қиындық туғызып отыр екен. «Осы екі құ­жатты міндеттеуді Қы­тайдан ке­летін қазақтардан алып тастады. Ештеңе болған жоқ. Сон­дықтан осындай артық құ­жатты талап етуді алып тастау ке­рек. Осы ар­қылы көшті қиын­датып отыр­мыз», – дейді Ауыт Мұқибек. «Атажұрт еріктілері» қоғам­дық ұйымының өкілдері Қы­тай­дан келетін қандастардың елге келе алмауына себеп көп екенін айтып келеді. Мәселен, көрші елде мем­­­лекеттік қызметте істеп жүргендер зейнетке шыққанша Қазақстан азаматтығын алуға заңды түрде тыйым салынған. Екіншіден, ол жақтағы ауқатты қазақтар Қазақ­станға келуге асықпайды. Үшін­шіден, жағдайы төмен адамдар банктен кепілге үй мен мал-мүлік алған. Қарызын өтемей, атаме­кен­ге оралу туралы ойлана да ал­майды. Әлеуметтік жағдайы орта­ша адамдардың құжатын жергі­лікті атқарушы орган жинап алып­ты. Құжатсыз қалған қазақтар да шек­ара аса алмай арманда отыр. Атамекен Сарапшылар басы артық құ­жатты талап ету болмаса көші-қон­да тоқырау туындамас еді де­­ген ортақ пікірге келіп отыр. Әйт­пегенде шекара асып келген қандастарды шетке қағатын уақыт келмеске кеткен. Бұрын­ғыға қа­рағанда бүгінде елге кел­гендер «қандас» мәртебесін алып, Қазақ­станның азаматтығын алуы­на да ешбір кедергі жоқ. Түркістан қа­ла­лық Полиция бас­қармасы кө­ші-қон қызметі бөлі­мінің инс­пекторы Нұрлыбек Жұ­маев «Кө­ші-қон по­лициясы­ның құзырына өзге ел­ден келетін қазақтардың ата­ме­кенінде тұр­ғылықты тір­кеуге қо­йып, үш ай ішінде аза­мат­тық алуы­на көмек­тесу кіреді», – дейді. Оның сөзін­ше, соңғы жыл­дары Қытайдан кел­гендер азайып, Өзбекстаннан келетін қандастар қатары артыпты.

Жадыра МҮСІЛІМ