Нәрестелерін сатпақ болған екі әйел ұсталды
Нәрестелерін сатпақ болған екі әйел ұсталды
Сурет: Irina_kukuts
253
оқылды

Өзбекстанның Сырдария облысы Гүлістан қаласында сәбиін 5 000 долларға сатуға әрекет еткен әйел ұсталды.

Сырдария облыстық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел ақша алып жатқан кезде ұсталған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл оқиғадан бір күн бұрын Ташкент қалалық соты туғанына үш күн болған сәбиін 18 мың долларға сатпақ болған әндіжандық әйелге үкім шығарған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.