Алматы облысындағы мектепте 5 және 9-сынып оқушылары бір кабинетте оқиды
Алматы облысындағы мектепте 5 және 9-сынып оқушылары бір кабинетте оқиды
Empty school classroom with desks and chairs
309
оқылды

Алматы облысы, Іле ауданы, Екпінді ауылындағы №2 мектеп 464 балаға арналған. Алайда білім ошағында 1 200-дей оқушы білім алады. Соған байланысты мектеп басшылығы бір кабинетте екі сыныпты қатар оқытуды тәжірибеге енгізген. Алдағы уақытта 19 кабинетті ортасынан бөлу үшін құрылыс материалдарына демеуші іздеп жатыр, - деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

№2 мектеп директорының міндетін атқарушы Жақсыгүл Еңсепованың айтуынша, бұл шешімге ол туындаған мәселеден шығу жолын іздеп келген.
"Кіріктірілген сабақтар болады. Олардың 153 түрі бар. Түрлі сынып оқушылары бір-біріне кедергі келтірмеуі мақсатында осылай жасадық", – дейді білім ордасының басшысы.
Бұл мектепте аудандағы саяжай тұрғындарының балалары да автобуспен қатынап оқиды. Ата-аналардың сөзінше, оқушылардың тасымалына тәртіп керек. Балалар автобуста сығылысып, мектепке әрең жетеді екен.
"Ең басты проблема – автобус. Төрт автобус бар, солардың тәртібін жолға қою керек. Шулап, соғылып келеді", – дейді саяжай тұрғыны Бексұлу Қалжанова.
Ал аудан әкімдігі саяжайға жақын Шабыт ықшамауданында 1 500 орындық мектеп келер жылы пайдалануға берілетінін айтып отыр. Оқушыларды тасымалдау жұмысын ұйымдастыру үшін жыл басынан 3 рет конкурс жариялаған, алайда жеңімпаз анықталмапты. Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: