Семейде көпір үстінде көктайғақтан 6 көлік соқтығысты
Семейде көпір үстінде көктайғақтан 6 көлік соқтығысты

Семейдегі көпір үстінде 6 бірдей көлік соқтығысып қалды. Бұған көктайғақ себеп болған, - деп хабарлайды "Айқын" тілшісі. 

«Жол-көлік оқиғасы 16 қазанда сағат 08.30-да жаңа көпірде болған. Lada Granta маркалы көліктің 23 жастағы жүргізушісі көктайғақтан рөлді басқара алмай Mitsubishi, Volgswagen және Hyundai көліктеріне соғылды. Соның салдарынан Hyundai көлігі тағы екі Toyota көліктерімен соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Азамат ҚАСЫМ.