Полиция Қарағанды мектептерінің бірінде болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
Полиция Қарағанды мектептерінің бірінде болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
196
оқылды
Белгісіз ер адам Қарағандыдағы мектеп-интернатқа кіріп, сабақ үстінде балалардың көзінше мұғалімді ұрып-соққан. Бұл оқиғаға Қарағанды облысының ПД түсінік берді. Әлеуметтік желіде құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта оқитын бір оқушының ата-анасы оқу ордасына белгісіз бір ер адам кіріп, балалардың көзінше мұғалімді ұрып-соққаны туралы хабарлама тараған. Бұл жайтқа полиция түсінік берді.
«Полиция 14 қазанда №3 мектеп-интернатта осыған ұқсас оқиға болғанын анықтады. 25 жастағы ер адам осы оқу орнында мұғалім болып жұмыс істейтін әйелімен жанжалдасқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптылар арасындағы әңгіме балалар болмаған кезде болды. Сондай-ақ, жанжал шығарған ер адамның радикалды діни ұйымға қатысы жоқ екені анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.