"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Қазақстан аумағында жерасты дүмпулерін тіркеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жер сілкінісі 16 қазанда 21 сағат 14 минут 30 секундта болды.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығыстағы 167 шақырымында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.4. MPV, магнитудасы 3.5. Тереңдігі 20 километр", – делінген хабарламада.Жергілікті тұрғындар жер сілкінісінің дүмпуін сезбеген.