17 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Соған сәйкес, Қостанай облысы "сары" аймақтан "қызылға" ойысты. Ал "жасыл" аймақта болған Шымкент "сарыға" өтті.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.