Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"2021 жылдың 15 қазанында Абай АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданады. Ол өз арызында, өзінің кәмелет жасына толмаған ұлы үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Абай АПБ Жергілікті полиция қызметі және Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғалған бала көпқабатты үйлер ауласынан табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды", – делінген хабарламада.
Өз кезегінде, баланың ата-анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.