«Семейде мұғалімдер сабақты тастап, сенбілікке шыққан»: қалалық Білім бөлімі түсініктеме берді
«Семейде мұғалімдер сабақты тастап, сенбілікке шыққан»: қалалық Білім бөлімі түсініктеме берді
Сурет: «Arnapress.kz» сайты
692
оқылды

«Семей қаласындағы мектептердің бірінің мұғалімдері сабақты тастап, сенбілікке шыққан. Мұны бізге сол мектепте оқитын оқушының ата-анасы хабарлап, фотосын жіберді», – деп жазады жергілікті Arnapress.kz сайты.

Оқушының ата-анасының айтуынша, мұғалімі сенбілікке шыққандықтан, 16 қазандағы сабақ шегерілген.
«Мұны өз көзіммен көрдім. Жұмысқа бара жатқанда Шәкәрім даңғылының бойындағы Пестель аялдамасы маңайында мұғалімдер көшені сыпырып жатты. Оларды сабақтан босатып, сенбілікке жіберу қаншалықты заңды? Біздегі коммуналдық қызметтер не үшін қажет? Әркім өз ісімен айналысуы керек қой. Онсыз да былтыр пандемия кесірінен сабақты дұрыс оқи алмадық», – дейді оқушының ата-анасы.
[caption id="attachment_166354" align="alignnone" width="609"]Сурет: «Arnapress.kz» сайты Сурет: «Arnapress.kz» сайты[/caption] Ал Семей қалалық Білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко мұндай тапсырма болмағанын айтыпты.
«Мен директорға мұғалімдердің сабаққа бармай, неге сенбілікке жіберілгенін жаздым. Бұл не масқара? Әзірге маған ешкім шағымданған жоқ. Бірақ мен кураторларға мәселенің мән-жайын анықтау жөнінде тапсырма бердім», – дейді Наталья Фесенко.
Аталған сайттың хабарлауынша, мұғалімдердің сенбілікке шығуына Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың хаты себеп болған. Онда бөлім басшыларына барлық мекемелер мен кәсіпорындарды сенбілікке шығаруды ұйымдастыру туралы тапсырма берілген. [caption id="attachment_166355" align="alignnone" width="899"] width= Сурет: «Arnapress.kz» сайты[/caption] Айта кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» заңда педагогтерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға жол бермеу жайында жазылған. Осы жағдайға қатысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те өз пікірін білдірді.
«Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған. 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды. Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды. Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз, сондай-ақ, қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады», – деп жазды министр фейсбуктегі парақшасында.
А.Әбіл Шығыс Қазақстан облысы