«Қайрат» Қазақстан кубогының 17 дүркін жеңімпазы атанды
«Қайрат» Қазақстан кубогының 17 дүркін жеңімпазы атанды
Фото: qazlive.kz
17 қазанда Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтті. Финалда алматылық «Қайрат» АФК мен «Атырау» кездесті. Тартысты кездесуде «Қайрат» жеңісті жұлып әкетті. Матч 4:3 есебімен аяқталды. Еске салайық, 8 қазанда осы екі команда Қазақстан Суперкубогына таласқан еді. Алматылықтар атыраулықтарды 5:2 есебімен жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленген.