Қазақстанда қанша көпбалалы отбасы жәрдемақы алады?
Қазақстанда қанша көпбалалы отбасы жәрдемақы алады?
Фото: azh.kz
284
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, орта есеппен 443,5 мың отбасы жәрдемақы алған. Оның ішінде, қыркүйек айында жәрдемақыны 415,3 мың отбасы алды. Жалпы сомасы – 21,8 млрд теңге.

Жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан алады.

Төлем мөлшері балалардың санына қарай төленеді. 2021 жылы 4 балаға – 46 760 теңге, 5 балаға – 58 457 теңге, 6 балаға – 70 154 теңге, 7 балаға – 81 852 теңге, 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға 186 688 теңге төленеді. Әр балаға 11 668 теңге жәрдемақы береді.

Бұл жәрдемақы астанада бір үйдің бес баласы тірідей өртеніп кеткен соң, көпбалалы отбасыларға берілетін болды.