Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қазан күні сағат 19:14 шамасында Шардара аудандық полиция бөліміне жол апаты туралы хабар түскен.
Жетісай-Шардара тасжолының 172-шақырымында Opel Vectra көлігі жолдың қарсы бетіне шығып, Audi-100 автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан оқиға орнында екі көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушы қаза тапты. Арасында кәмелетке толмағандар да бар.
Зардап шеккен 6 жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.
Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.