Онлайн хабарландыру платформаларының бірінде мектеп түлегі "Алтын белгі" медалін 2 000 000 теңгеге сатқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы өңірлік "Наша газета" басылымы хабарлайды.
Хабарландыру авторының айтуынша, бұл эксклюзивті медаль болғандықтан, құны қымбат. Ол хабарласқан тілшілерге өзінің осы жылдың түлегі екенін және 1,5 миллион теңгеге дейін жеңілдік жасайтынын айтқан.
«Алтын белгі» медалінің сатылуына қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі түсінік берді.
«Алтын белгі» – атаулы медаль. Ол жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатымен бірге беріліп, құжатына алушының аты-жөні жазылады. Яғни, «Алтын белгі» иелерінің артықшылықтарын пайдалану үшін оны біреуге беру немесе сату мүмкін емес», – деп жауап берді ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдіуәлиева.