Әлеуметтік желі қолданушылары Каспийдің таязданып қалған видеосын бөлісуде. Осы видеоға қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі пікір білдірді.
Министрлік теңіз деңгейі 1,4 метрге төмендегенін және төмендеу жалғасып жатқанын атап өтті, – деп хабарлайды Lada.kz.
https://www.youtube.com/watch?v=wrN-B4EEzRA&feature=emb_title
Ведомство видео солтүстік-шығыс Каспий маңындағы ойпатта түсірілген деген болжам жасады.
"Бұл ауданда теңіз түбінің көлбеуі аз және тереңдігі төмен. 2005 жылы Каспий теңізінің деңгейі төмендеп барады. Және бұл процесс жалғаса береді. Каспийдің су деңгейі төмен солтүстік-шығыс бөлігі ең көп зардап шекті. Теңіз кері кетіп, орнында батпақ қалды. Видеода оның бір кезде Каспий теңізінің түбі болғаны көрінеді. Теңіз таязданып барады, бұл үлкен проблема", – деді ведомстводағылар.
Сонымен қатар министрлік "Қазгидромет" теңіз бұдан да таязданатыны туралы болжам жасағанын атап өтті.