Азаматтарға алаяқтардың банк қызметкері атынан қоңырау соғу фактілері азаяр емес. Интернет алаяқтық қылмыстың барынша көп тараған түріне айналды. Әдетте қаскөйлер «банктен қоңырау шалу» схемасы бойынша ірі көлемде шығын келтіреді.
29 жастағы Петропавл тұрғынына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін Қазақстанның банктер қауымдастығының қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырған. Жәбірленушінің жеке деректері алдын ала қаскөйдің қолында болған. Ол әйелді атымен атап, Нұр-Сұлтан қаласындағы таныстары, оның атынан 5 банктен несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтып, сендірген. Шығынды болдырмай, осы несиені жабу үшін басқасын ресімдеу қажет деген. Оның айтқандарын орындап, қала тұрғыны банктердің бірінен 600 мың теңге несие алған. Сондай-ақ алаяқ оған антивирус жүктеуді ұсынған. Алайда қосымшаны жүктеу кезінде әйел шын мәнінде бұл бөтен біреуге мобильді құрылғыны басқаруға мүмкіндік беретін қосымша екеніне көз жеткізді. Ол алаяқтың құрбанына айналғалы отырғанын түсінген сәтте бірден байланысты тоқтатып, полицейлерге жүгінген. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлімі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. – Интернет алаяқтықтың алдын алу – полицейлер жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Желілік аферистер өздерінің құрбандарының жеке мәліметтерін жақсы біледі. Адамдар жалған «мамандарға» сенім артқандықтан, алаяқтарға барлық деректі беріп қояды: нөмірлер, cvv-кодтар және банктік карталарының пин-кодтары, sms-хабарламалармен келетін бірреттік кіру кодтары, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев. Полиция қызметкерлері ешкімге жеке және құпия деректерді бермеу керегін өтініп, сұрайды. Банк қызметкерлері мұндай қоңырау шалуға, құпия деректерді сұрауға, клиенттің белгілі бір қаржылық операциялар жасауын талап етуге құқығы жоқ екенін естеріңізге саламыз. Жыл басынан СҚО полицейлері 125 интернет алаяқтықты ашты.Ерік ЕРДЕНОВ