Қазақстанның Әділет министрлігі мен әкелі-балалы алаяқ Статилердің шетелдік әртүрлі арбитражда соттасқанына биыл 15 жыл толды. Дау-жанжалдың аяқталар түрі жоқ. Осы орайда Әділет министрлігі «Анатолий және Габриэль Стати жасаған алаяқтық туралы дәлелдемелерді жариялау үшін жаңа веб-сайтты іске қосқанын» (www.kzarbitration.com) жариялады.
Веб-сайттың негізгі мақсаты осы күрделі іс туралы нақты ақпаратты тарату және тиісті дәлелдермен халықаралық қоғамдастықты таныстыру болмақ. «Бұл ақпарат қоры осы істің ашықтығын арттырады және алаяқ Статидің Қазақстанға және оның халқына зиян келтіру мақсатында таратып келе жатқан дезинформациясын жоққа шығарады. Ондағы сот қаулылары, сараптама қорытындылары және басқа да жалпыға қолжетімді құжаттар түріндегі дәлелдемелер Статидің кем дегенде 2006 жылдан бері күрделі және көпқырлы алаяқтық схемасын жүзеге асырып жүргенін растайды», – деп түсініктеме берді министрлік. Веб-сайт молдовалық ағайынды бизнесмендердің халықаралық инвесторлардан қаражатты алаяқтық жолмен қалай алғанын, қаржылық есептілікті бұрмалағанын, аудиторлық жалған қорытындылар алғанын және өздері жымқырған ақшаны өндіріп алу үшін Қазақстанға қарсы халықаралық арбитражды қалай өрістеткенін түсіндіреді. Алаяқтық туралы толық ақпарат хронологиялық тәртіппен жазылған. Ведомство ондағы ақпаратты оқиғалардың дамуына қарай үнемі жаңартып отыруға уәде етеді.Ерік ЕРДЕНОВ