Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылды
Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылды
133
оқылды

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов қызметінен босатылды.

Бұл шешім Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды.

«Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен соң, спортшының бапкері қызметінен шеттетілген болатын.