Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты – видео
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты – видео
Фото: yandex.kz
135
оқылды

Сағат 00:46-да Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 387-шақырымында, Красный Горняк ауылының маңында жол апаты болғаны туралы хабар түсті.

Жолда істен шыққан Toyota Camry автокөлігі тиелген «Газель» автокөлігі алда тұрған MAN автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан «Газель» автокөлігінің екі жолаушысы, 34 және 29 жастағы астана тұрғындары оқиға орнында қаза тапты.

Ал «Газель» жүргізушісі Ақкөл ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.