"Ешқашан айтпаған бір нәрсе айтайын": Елбасының жаңа сұхбатының тизері шықты
"Ешқашан айтпаған бір нәрсе айтайын":  Елбасының жаңа сұхбатының тизері шықты
© elbasy.kz
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Штрихи к портрету. Откровение» атты деректі фильмнің бесінші сериясының тизері жарияланды.
"Ешқашан айтпаған бір нәрсе айтайын. Сенсация болатын шығар. Мені кешірсін... Маған қиын. Батыл адамдар жоқ", – дейді Елбасы үзіндіде.
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың хабарлауынша, фильм 21 қазан күні сағат 21:30-да «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.  Фильм Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен Айгүл Әділова мен Елбасының баспасөз қызметі бірлесіп іске асырған жобаның 5-бөлімі.