«Ертіс полиция бөлімшесіне 48 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Өз сөзінде ол пәтер сататынын айтып сендірген танысына 3 млн теңге бергенін жеткізді» делінген Өскемен қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Алаяқ ер адамға пәтерді арзан бағамен сататындығын айтқан. Қолында тұрғын үй құжаттары болмаған ол жалған құжат жасатты. Жәбірленуші бұған сеніп, сұраған ақшаны бергеннен кейін пәтер иелері келіп, үйдің сатылмағанын хабарлаған», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 52 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.