Атырауда жоғалған 31 жастағы ер адамның денесі табылды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 31 жастағы ер адамға туыстарының шағымынан кейін іздеу жарияланған.
«Ер адам үйінен көлікпен кетіп, қайтып оралмаған. 16 қазанда із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы ер адамның денесі Атырау қаласының маңындағы Талғайран-2 ауылында тұрғын үйдің ішінен табылды. Марқұмның көлігі қаланың өзге шағынауданынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.