Онлайн контент жасаушылар форумы өтеді
Онлайн контент жасаушылар форумы өтеді
395
оқылды

5 қарашада елордада QazForum іс-шарасы өтеді. QazForum – интернеттегі қазақша контентті дамытуға арналған бірегей кәсіби алаң. АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылатын қазақ тілін дамытудағы ең ауқымды іс-шара бесінші рет өткізіледі.

Форумға Қазақстанның түк­пір-түкпірінен 200-ден астам кә­сіби маман қатысады. Қатысу­шылар қатарында медиа-сарапшылар, блогерлер мен журналистер, БАҚ бас редакторлары мен басшылары, digital сарапшылар мен жаңа контент жасаушылар бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақша контентке сұраныс артқан. «Студенттердің 63%-ы қазақ тілінде оқиды, БАҚ-тағы контент­тің 72%-ы қазақ тілінде беріледі. Халықтың 22%-ы үш тілде сөй­лейді. Құжат айналымының 92%-ы қазақ тілінде жүргізіледі. Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары халқының 90%-дан астамын қазақтар құрайды», – деп жазылған  хабарламада. Әр жыл сайын 50-ден астам жетекші медиа-сарапшы, журналист пен қазақша онлайн контент жасаушы бір жерге жиналады. Кейінгі жылдары форумға 700-ден астам қатысушы еліміздің түрлі өңірінен: Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Талдықорған және Көкшетаудан қатысқан. Көптеген өзекті тақырып талқы­ланып, өткір пікірталастар өт­кізіл­ген. Форумға қатысу­шылардың 71%-ы QazForum-ды қазақша онлайн контент мәселе­лері бойынша ең қызықты және қажетті алаң ретінде бағалаған. 4 жыл ішінде іс-шара қазақ­тілді онлайн медиа үшін жалпы республикалық диалог алаңына айналды. Онда қатысушылар кәсіби мәселелерді талқылап қана қоймай, өзара тәжірибе алмасады. Биыл жергілікті және шетелдік спикерлердің қатысуымен қы­зық­ты сессиялар мен шеберлік саға­тын өткізу жоспарланған. Форум туралы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен жарияланады. Форум спикерлері Қазақстан­дағы БАҚ-тың дамуын талқылау, мақсатты аудиториямен жұмыс істеу және деректерді талдау, қазіргі медиадағы тенденцияны талқылау, әлеуметтік желідегі кон­тент мазмұнын дамыту және жарнамалау, қазақша онлайн контентті жасаушының кейстері және табысы, ақпарат көздері мен big data-мен жұмыс істеу, монетизация және креативті экономика жайы талқыланады.

А.ЖОЛДАС