Кеше сағат 21.45-те Қарағанды қаласында Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында жол апаты болды.
Mercedes көлігінің жүргізушісі – 37 жастағы полицей жұмысынан үйіне қайтып бара жатып, бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткен.
Салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінде болған 1 жастағы сәби қаза тапты. Жүргізуші және 27 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді», – деді полицей.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Mercedes көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.