Алдағы бес жылда инфляция төмендесе, әр азамат өзіне лайық өмір сүре ме?
Алдағы бес жылда инфляция төмендесе, әр азамат өзіне лайық өмір сүре ме?
©А.Ахметқазы
433
оқылды

Заң жобасы Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстанның 2022 – 2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленді.

Елімізде 2022 – 2026 жылдары халықтың әл-ауқатын жақсатуға қатысты шешімдер әлемдік нарықтағы бағаның құбылуына  қарай өзгеруі мүмкін.

ЖІӨ-нің нақты өсуі 2022 жылы 3,9% деңгейінде болады деген болжам бар. Ал 2026 жылы 5,2%-ға дейін өседі. Алдағы орта мерзімді кезеңге ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 4,8% болады.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2022 жылы  – 10,7 мың АҚШ доллар болса, ол 2026 жылы 14,2 мың долларға көбеймек.

Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізін 2022 жылы – 4,0-6,0%, 2023 – 2024 жылдары 4,0-5,0% шегінде айқындап отыр. Ол кейіннен 2025 – 2026 жылдары 3,0-4,0%-ға дейін төмендетіледі.

Бұған дейін Үкімет отырысында пандемиядан кейін экономиканы қайта дамытуға бағытталған Ұлттық жоспарлар талқыланған еді.