Бұған дейін психологтар «Кальмар ойыны» кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін қауіпті екенін айтқан болатын.
Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова көптеген ата-ананы алаңдатқан оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» сериалы туралы пікір білдірді, – деп жазды inform.kz.
«Фильм 18 жастан асқан ересектерге арналған. Ең алдымен үйде ата-аналар осыған назар аударуы қажет. Мектепте де осы мәселені қадағалаған жөн. Балалардың психикасы үшін кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтар бақылауы керек», – деді Шолпан Каринова.