Тоқаев дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды
Тоқаев дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды
573
оқылды

Мемлекет басшысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды. Президент заманауи құралдармен жабдықталған «Өркен-медиа», өлкетану, домбыра және арт-студия кабинеттерін аралап көріп, педагогтармен және оқушылармен әңгімелесті.
– Ғылым, білім деген өте маңызды. «Білімді мыңды жығады» деген даналық сөз бар. Білім – қазіргі аумалы-төкпелі заманда ең күшті, ең тиімді құрал. Білімді болсаң, барлық қиындықтарды еңсересің. Міндетті түрде. Сондықтан біздің мемлекетіміздің үлгілі, лайықты, абыройлы азаматтары болыңдар. Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда, – деді Мемлекет басшысы.
 />

«Өркен» мектеп-интернатының оқушылары өлкетану кабинетінде Ұлытау өңірі мен Сарыарқаның тарихы, қасиетті орындары туралы оқиды. Қасым-Жомарт Тоқаев туған өлкенің және қазақ халқының тарихын білудің маңызды екенін атап өтті.

900 орындық қазақ тілінде оқытатын оқу ордасы 2020 жылы салынған. Мектеп-интернатта жаратылыстану және математикалық бағыт бойынша кәсіби бағдарға негізделген салалық білім беру бағдарламалары оқытылады.

<img src=